Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Боранбаевтың туысы ҚМА қызметкерлеріне пара ұсынған

almaty-akshamy.kz

Боранбаевтың туысы ҚМА қызметкерлеріне пара ұсынған

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) жеке қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шараның нәтижесінде агенттіктің жекелеген қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ.С. Боранбаевтың туысы – А.Т. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді», - делінген хабарламада. Сот А.Т. Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты ҚМА өтініші бойынша қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта ҚМА жеке қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. «Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте. 17 наурызда қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 30 қыркүйекте Қайрат Боранбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды. 23 қарашада кәсіпкерді қамауға ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024