НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаға жәрдемдесуге уәде берді

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның мәлімдеуінше, оның еліне қазір «Пэтриот» зымыранға қарсы жүйесі өте қажет. Өйткені мұндай қарумен Украинаның энергетикалық инфрақұрылымын қиратып жатқан Ресей ракеталарын құлатуға болады. Сонымен қатар Кулеба Ресейдің бронетехникадағы үстемдігін жою үшін батыстық үлгідегі танктерді де сұрады. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса, Солтүстікатлантикалық альянс үшін қазір басты міндет – Ресейді жеңу екенін атап өтті. Оның сөзінше, осы мақсатқа жету - Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесін қарастыруға жол ашады. Сонымен қатар НАТО Украина армиясына аса қажетті советтік дәуірдегі артиллериялық снарядтар өндірісіне инвестиция салуды жоспарлап отыр.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 желтоқсан 2023
3 желтоқсан 2023
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар