Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астана тұрғындары бес жылда МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге аударған

inform.kz

Астана тұрғындары бес жылда МӘМС жүйесіне 157,8 млрд теңге аударған

«МӘМС жарналары мен аударымдары Астана қаласы бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден 2022 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде шамамен 157,8 млрд теңгені құрайды. Биылғы қаңтардан қарашаға дейінгі аралықта елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 54,059 млрд теңгеден астам қаражат аударылды. Оның ішінде 30,1 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары, ал 20,2 млрд теңге - қызметкерлердің өз жарналары. Бірыңғай жиынтық төлем сомасы шамамен 108 млн теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлердің жарналары - 2,05 млрд теңге, дербес төлеушілердің жарналары – 469 млн теңге, азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жарналары 1,03 млрд теңгені құрады», - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Астана қалалық филиалының директоры. Оның сөзінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне түскен барлық қаржы Ұлттық банкте сақталады. Тиісінше, сол жерден медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Бұған қоса, Нұрлыбек Қабдықапаров МӘМС жүйесінде елордалықтардың 82 пайызы сақтандырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, биылғы он айда 187 мыңнан бас шаһардың тұрғынына 13 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024