Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында жаңа құс фабрикасы салынады

almaty-akshamy.kz

Алматы облысында жаңа құс фабрикасы салынады

Алматы облысында құс фабрикасы салынады. Кәсіпорын жылына 120 мың тонна ет өнімін шығармақ. Фабрика құрылысы 2024 жылы басталады, ал I кезек 2026 жылы, II кезек 2028 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап. Фабриканың негізін қалаушы Серік Толықпаев құс фабрикасының іске қосылуы 3,5 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Құс етін шығару үшін фабрикада еуропалық стандарттарға сай келетін және ең жаңа деген құрал-жабдық қолданылады. Ал жұмыртқадан бастап сөредегі дайын өнімге дейінгі барлық кезеңді қамтитын қалдықсыз және экологиялық өндіріс циклі «халал» стандартарына сай келеді және бүкіл компания тобы бойынша жасыл технологияларды белсенді түрде дамыта бастаған холдингтің экологияны қолдайтынын көрсетеді. «Облыс бюджетке салық төлейтін және жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін ірі кәсіпорынға ие болады. Жаһандық тұрғыдан алып қарағанда, «Жетісу» құс фабрикасы импорт алмастыруға қатысып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін және тамақ индустриясын дамытуға үлес қосады. Соңғы екі-үш жыл ішінде орын алған әлемдік оқиғалар азық-түлік шығаратын жергілікті кәсіпорындардың болғаны және халықаралық тасымал мен геосаяси жағдайдан тәуелсіз болудың қаншалық маңызды екенін», – деді холдингтің негізін қалаушы Серік Толықпаев. Серік Толықпаев мұндай ауқымды жобалардың іске қосылуы облыстың да, жалпы мемлекеттің де экономикасына мультипликатив түрде әсер ететінін жеткізді: «Инвестициялар мен кәсіпорын жұмысы аймақ дамуына тікелей оң ықпал етеді – халық жұмысқа орналасады, жергілікті тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, сонымен қатар көлік тасымалы мен құрылыстан бастап клинингке дейінгі түрлі сервис ұсынатын жанама салалар табыс таба бастайды».
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024