Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

inform.kz

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі. Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар екі ел президенттері сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Фото: akorda.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024