Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

almaty-akshamy.kz

Астанада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары мен еңбек ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz7 «Аталмыш конкурс жыл сайын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылады. Еңбек адамдарының жұмысын насихаттау мақсатында «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Өндірістің үздік жас маманы» атты номинациялары бойынша марапатталады», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында. Марапаттау рәсімі алдында ашық талқылау сессиясы өтіп, шара барысында Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегерлері Серік Ақшолақов, Аягүл Миразова мен Рышат Амреновтар еліміздің әр өңірінен келген жастарға еңбек тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді. Тамара Дүйсенова салтанатты шараның ашылуында еңбек адамдарының мемлекет пен қоғамның дамуына қосып жатқан үлестерін ерекше атап өтті. Министр «Еңбек ардагері» медальдарын еңбек ардагерлері Жанаргүл Магуловаға, Кабдулман Имамбековке және Күнімбала Баяхметбаеваға тапсырды. Биыл «Еңбек жолы» конкурсына үміткерлерден өтінімдерді қабылдау 1 сәуірден басталды. «Үздік еңбек әулеті» номинациясына 163 өтінім, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына 179 өтінім, ал «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясына 180 өтінім келіп түсті. Конкурстың лауреаттары республикалық комиссияның отырысында жарыстың аймақтық кезеңінде жеңімпаз атанғандардан іріктелді. Комиссия құрамына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, әлеуметтік серіктестер, «Атамекен» ҰҚП мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері кірді. «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Абай облысының Тукубаевтар әулеті жеңімпаз атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысының Ковалевтар әулеті, ал үшінші орынды ұлытаулық Бекмағанбетовтар әулеті қанжығасына байлады. "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" аталымын Алматыдан келген Людмила Хвостова иеленсе, екінші және үшінші орынды Ерғазы Тұрлыбеков (Қарағанды облысы) пен Жұмабай Абдулов (Атырау облысы) алды. "Өндірістің үздік жас мамандары" атағын Павлодар облысынан Наурызбек Дакен (1-орын), Алматы облысынан Сұлтан Әукен (2-орын) және Ақмола облысынан Нұрқасым Байшуақов (3-орын) иеленді. Конкурс жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табысталды: 1 орынға – 1 млн теңге, 2 орынға – 500 мың теңге және 3 орынға – 300 мың теңге. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылдан бері еңбек әулеттері мен өндіріс жұмысшыларының арасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсын ұйымдастыруда. Оның басты міндеті – еңбек адамдары жайлы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және кәсіпорындар мен мекемелерде жаңа еңбек әулеттерінің қалыптасуына жағдай жасау.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024