Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекет басшысы елдің бизнес өкілдеріне алғыс айтты

almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы елдің бизнес өкілдеріне алғыс айтты

Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы елдің бизнес өкілдеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Биыл қарашада қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен зауыты іске қосылды. Бұл кәсіпорын Қазақстанның Орталық Азиядағы полипропилен нарығында көш бастауына мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында шыны өндіретін зауыт өз жұмысын бастады. Бұған 42 млрд теңге инвестиция салынды. Шығыс Қазақстан облысында күнбағыс майын шығаратын заманауи зауыт іске қосылды. Бұл жобаға 29 млрд теңге инвестиция жұмсалды», - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, аталған жобалар ел экономикасының импортқа тәуелділігін азайтады. «Осы кәсіпорындар - біздің импортқа тәуелділігімізді азайтатын бірегей индустриалдық жобалар. Бір сөзбен айтқанда, бизнес мемлекеттің сенімді серіктесі болып отыр. Осы ретте мен ұсынған саяси бағдарламаға қолдау көрсеткені үшін бизнес өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Президент.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар