Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев: Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері 2024 жылы жұмыс істей бастайды

almaty-akshamy.kz

Тоқаев: Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері 2024 жылы жұмыс істей бастайды

Биыл бизнесті негізсіз қудалаудан қорғау шараларының арқасында 60 мың кәсіпкерге салынған 700 млн теңге айыппұлдың күші жойылған. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау салтанатында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Бизнесті реттеудің жаңа тәсілдері іс жүзінде 2024 жылдан бастап жұмыс істей бастауы керек.Екінші – бизнестік тексеру және қылмыстық қудалау. Мен бұған дейін де бизнесті негізсіз басы артық бақылауға, қылмыстық қудалауға жол жоқ екенін айтқанмын. Бұл – менің нық ұстанымым. Бұл бағытта біз кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден арашалап, қылмыстық қудалаудың орбитасына негізсіз тартуды болдырмау үшін шаралар кешенін қабылдадық», - деді Мемлекет басшысы. Ал кәсіпкерлерді негізсіз қыспаққа алған 1000-нан астам шенеунік жазаланған. «Биыл 60 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 700 млн теңгедей заңсыз айыппұлдан босатылды. 1200 тыйым салу, шектеу шараларының күші жойылды. Кәсіпкерлерге қатысты құқыққа қайшы әрекеттері үшін мыңнан астам лауазымды тұлғаның жазаланғаны маңызды», - деді Президент. Айта кетейік, осынау салтанатты шара аясында үздік деп танылғандарға «Қазақстанның үздік тауары», «Qazaqstan Project Management Awards -2022», «ТМД бойынша сапа саласындағы 2021 жылдың сыйлығы» сияқты кәсіпкерлік бағыттағы марапаттар да табысталды. Сондай-ақ, «АруАна», «Бизнес Кемелдiлiк», «Іскер», «Ұлы дала елі» сыйлықтарының жеңімпаздары да марапатталды. Биыл «Алтын сапа» сыйлығына 281 үміткер өтінім тапсырған. Сарапшылар соның ішінен ірі, орта және шағын бизнес бойынша 14 бизнес нысанын 4 аталым негізінде іріктеп алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024