Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстанда мектептің бұрынғы директоры 2 мың жыл болған қазанды тұрмыста пайдаланған

azattyq.org

Өзбекстанда мектептің бұрынғы директоры 2 мың жыл болған қазанды тұрмыста пайдаланған

Өзбекстанның Самарқан облысында көне Жетісу оазисіндегі көшпелі тайпаларға тиесілі болған қола қазан табылды. Б.з.д 2-1 ғасырларда дайындалған артефакт тұрмыста қолданылған. Бұл жөнінде Өзбекстан мәдени мұра агенттігіне сүйенген Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады.Қазанды 1993 жылы Пайарық ауданының тұрғыны, сол кезде мектеп директоры болған Анвар Шогродов арық қазып жатқан кезде тапқан. Табылған ыдыстың биіктігі – 37 см, диаметрі – 52 сантиметр.Пайарық аумағында бұған дейін тас ғасырындағы бұйымдар мен суреттер табылған. Ғалымдардың болжамынша, беріректе қола қазанды скифтер тобына кіретін ирантілді жартылай көшпелі сақтар пайдаланған.Өзбекстан мәдени мұра агенттігі хабарламасында қола қазандар солтүстік Қытайдан бастап Дунайға дейін барлық өңірде табылғанын атап өткен. Мұндай қазандарды көшпелі тайпа өкілдері сұйық азық және масайтатын ішімдік сақтау үшін, ет асу үшін пайдаланған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024