Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазцинк» 37,5 млн теңге айыппұл төледі

almaty-akshamy.kz

«Қазцинк» 37,5 млн теңге айыппұл төледі

Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС 2025 жылға дейін ауаға бөлетін зияндық қалдықтар көлемін 20 пайызға қысқартады. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Қазцинк» – Өскемен қаласындағы ауаға көп көлемде зиянды қалдықтарды бөлетін кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның қала ауасының ластау үлесі – 47,8 пайыз. Биыл компанияға 4 тексеру жүргізілді. Оның барысында эмиссияларды қысқарту жөніндегі талаптардың сақталмауы, эмиссиялар нормативтерінің асып кетуі анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша жалпы сомасы 37,5 млн теңгеге 35 айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде өндірілді», - деді ол. Комитет төрағасының айтуынша, аталған серіктестік зиянды қалдықтар көлемін азайту стратегиясын әзірлеген. Ондағы шараларды орындау үшін 100 млн доллардан астам қаражат жұмсалмақ. Нәтижесінде 2025 жылға дейін зиянды шығарындылардың мөлшері 20 пайызға қысқарады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024