Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркия жағалауында қазақстандық мұнай тиеген танкерлер кептелісі: Министрлік түсініктеме берді

azattyq.org

Түркия жағалауында қазақстандық мұнай тиеген танкерлер кептелісі: Министрлік түсініктеме берді

Қазақстан энергетика министрлігі Түркия порттарында қазақстандық мұнай тиеген танкерлердің кезек күтіп қалғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді."Қазіргі кезде [танкерлердің] Босфор және Дарданелла бұғаздарында күтіп тұрғанына алты күн болды. Қыс үшін бұл қалыпты жағдай, былтыр бұғазда 14 күн күткен. Ал сақтандыру хаты бойынша мәселенің жай-жапсары анықталып жатыр" деп жазылған энергетика министрлігінің хабарламасында.Бұған дейін бірқатар халықаралық басылымдар Ресей мұнайына белгіленген баға шегі күшіне енген күні яғни, 5 желтоқсанда Анкара барлық тасымалдаушылардан сақтандырылғаны жөнінде жаңа құжат сұрағанын, соған байланысты Түркия жағалауында 20 шақты мұнай танкері кезек күтіп қалғаны хабарланған еді."Біреуінен басқасының бәрі Қазақстан жүгін тиеген және жергілікті порт есебінде кемелердің сақтандыру мәртебесін анықтауды күтіп отырғаны жазылған" деп жазды Bloomberg .Ақпаратқа қарағанда, Түркия үкіметі тасымалдаушылардан сақтандыру компаниясының хатын талап етіп отыр. Мұндай қадам Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго енгізгеннен кейін жасалып отыр.Bloomberg'тің жазуынша, кезекте тұрған танкерлер шығысында Оңтүстік Корея мен Үндістан, батысында Панамаға дейін кеңістікте мұнай тасымалдайды. Бірақ көбі Ресейдің танкерлік мұнайына тыйым салған, бірақ Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы терминалдан қазақстандық мұнайды импорттауға рұқсат еткен Еуропаға арналған.Бұған дейін Еуроодақ, "Үлкен жетілік" елдері мен Австралия Ресейдің танкерлік мұнайының баррелін 60 доллардан асырмауға келіскен. 5 желтоқсаннан бастап Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Жапония және Австралия Ресейдің танкерлік мұнайын 60 доллар немесе одан да төмен бағаға алғандарға ғана қызмет көрсете бастаған. Осылайша олар Кремльдің соғысқа жұмсап отырған бюджетін шектегісі келеді.​
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024