Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Кеңірдекке реконструктивті ота алғаш рет Шымкентте жасалды

kz.otyrar.kz

Кеңірдекке реконструктивті ота алғаш рет Шымкентте жасалды

Тәжірибе алмасу мақсатында жоспарланған операциялардың бірі бронхиалды жыланкөзге /свищ/ шалдыққан 65 жастағы науқасқа жасалды. Бір жылдан бері диспансерлік есепте тұратын емделуші бірнеше рет химиялық терапия курсынан өткен. Онкологиялық аурулар арасында кемде-кем кездесетін асқынған формадағы қауіпті аурудың салдары қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін болатын. Тың технологияларға негізделген ота түрін жасау арқылы екі мемлекеттің дәрігерлері науқастың өмірін арашалап қалды. Шетелдік дәрігерлердің айтуынша, бүгінгі тәжірибе алмасу шараларының нәтижесінде науқастардың жағдайы, өмір сапасы жақсарып, ем-дом алуы жеңілдей түседі. Шымкент қалалық онкологиялық орталығының жұмысына оң баға берген ресейлік дәрігерлер алдағы уақытта серіктестікті жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Айта кетейік, қатерлі ісік ауруларымен күресті күшейту мақсатында орталық мамандары бүгінде тек Ресей ғана емес, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің дәрігерлерімен де тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Қазір орталықта 250 адам емделуде. Олардың арасында Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келген науқастар бар. Орталықта онкологиялық ауруларды алғашқы сатыларда алдын-алу мақсатындағы профилактикалық жұмыстар да жүйелі жолға қойылған. Соның нәтижесінде қатерлі ісікке шалдыққан ауруларды емдеуде оң нәтижелер көп.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024