Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында мемлекеттік қызметкердің әдеп нормасы сараланды

kz.otyrar.kz

Түркістан облысында мемлекеттік қызметкердің әдеп нормасы сараланды

Биыл Түркістан облысында 14 маман мемлекеттік құзіреттілігін пайдаланып, заңға қайшы әрекетке барған. Өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәуекел картасы даярланған. Десе де мемлекеттік органның жұмысына нұқсан келтіретін жайттар әлі күнге тиылар емес. Сондықтан да облыс басшысы басқарма өкілдерімен кездесу өткізіп, бірқатар тапсырма берді. Түркістанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін арнайы тәуекел картасы әзірленген. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің өз жұмысын адал атқаруына септігін тигізеді. Дегенмен превенция басқармасының басшысы жобаға әлі де түзетулер мен толықтырулар енгізу керектігін айтады. Сондықтан ол жиын барысында бірнеше кемшілікті атап өтті. Ержан Жүнісов, ҚР СЖҚІҚА Түркістан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы: “Әр аймақта сыбайлас жемқорлықпен тәуекелдер картасы әзірленді. Біз үшін рейтинг қуу мақсат емес. Ең бастысы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып, президент тапсырмаларын сапалы орындауды үйлестіру” Биыл 14 мемлекеттік қызметкердің заң бұзғаны анықталды. Ал басқосуда осындай жайтты болдырмау, жұмыс сапасын арттыру, әдеп нормасының сақталу жолдары сараланды. Жиында облыстық басқарма басшылары қызмет көрсету деңгейін арттыруға байланысты өз ұсынысын жеткізді. Мақсат Исаев, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі: “Мемлекеттік қызметке деген халықтың сенімін арттыру үшін келесідей ұсыныстарды ұсынамын. Бірінші, азаматтармен қарым-қатынаста қарапайым болу, іскерлік әдеп пен ресми мінездерді сақтау. Өзі уәкілі болып келетін мемлекеттік органға нұқсан келтіретін әрекеттерді жасамау. Екінші азаматпен кездескенде құқыққа сенімсіз уәделерді бермеу. Үшінші әлеуметтік желіде айтылып жатқан сынға мән беріп, мемлекеттік органның жұмысының ашықтығын сақтау”. Облысқа қарасты аудан, қалаларда жемқорлықты болдырмау мақсатында 80-ге тарта семинар өткен. Ал әдеп нормаларын сақтау бойынша 300-ден астам кездесу ұйымдастырылған. Десе де өңірде пара алу және беру фактілері әлі де кездесіп отыр. Осыған байланысты облыс басшысы сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын жағдайларға тиянақты талдау жасауды тапсырды. Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: “Әр аудан әкімдері, жауапты мамандар өздеріне қарайтын мекемеде сыбайлас жемқорлықты болдырмау керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күресу – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Нағыз құқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Бұл бағытта жемқорлықты жүйелі негізде жою жөнінде жоспар әзірлеуді тапсырамын” Ал облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының өкілі аудандардағы халыққа қызмет көрсету орындарының жеткіліксіздігін тілге тиек етті. Осы бағытта алдағы уақытта жұмыс жасалса деген ұсынысын жеткізді. Ерлан Янабаев, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары: “Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында халық саны 54 мыңнан асады. Ал Ордабасы ауданы Шұбарсу елдімекенінде халық саны 40 мыңды құрайды. Осы халық тығыз қоныстанған аумақтар тұрғыны аудан орталығына барып қызмет алғандықтан, кезектің көбеюіне алып келуде. Екі ауылда бұған дейін бөлімше ашылған еді. Енді жеке ғимарат пен кеңсе құралдары жабдықтары бойынша мәселені шешуге ықпал етуді сұраймыз”. Жиын барысында өңірдегі әр басқармаға қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар облыс әкімі жауапты мамандарға мемлекеттік қызметтің сапасын артыру бағытындағы жұмыстарға қарқын беруді тапсырды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024