Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын кімдер алды

almaty-akshamy.kz

«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын кімдер алды

Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиын соңында Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттады. «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Павлодар облысының «Проммашкомплект» кәсіпорны, «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша Алматы облысының «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны жеңімпаз атанды. «Парыз» сыйлығының шағын және орта бизнес иелері арасындағы Гран-при жүлдесі Ақмола облысының «Шуйское-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, ал ірі бизнес иелері арасындағы Гран-при жүлдесі Атырау облысының «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» кәсіпорнына табысталды. Сонымен қатар бизнеске қолайлы жағдай жасалған «Үздік өңір» санаты бойынша арнайы сыйлыққа Шымкент қаласының әкімдігі, «Үздік аудан» санаты бойынша арнайы сыйлыққа Сәтбаев қаласының әкімдігі ие болды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024