Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынған – ОСК

ktk.kz

Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынған – ОСК

«Сенат депутаттары сайлауына барлығы 106 үміткер ниет білдірді. Оның ішінде 66 кандидат талапқа сай келіп, ресми тіркеуден өтті. Бәсекелестік бойынша, орташа есеппен 1 орынға 3 адам таласады. Кандидаттардың саны жағынан Алматы және Жамбыл облысында басымдық байқалады. Сондай-ақ, Сенат депутаттығына кандидаттардың 95,5%-ы өзін-өзі ұсынғандар. Қалған үміткерлерді жергілікті мәслихат ұсынып отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында. Кандидат болып тіркелгендердің 43,9 %-ы мемлекеттік қызметшілер. Одан бөлек, қатардағы депутаттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйым жұмысшылары, коммерциялық құрылым жұмысшылары бар. Сол сияқты, партиялар және үкіметтік емес ұйым өкілдері де тіркелгендер қатарында. Сондай-ақ, ОСК төрағасы сайлауалды үгіт-насихат жұмысының басталғанын айтты. «2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-ден бастап ресми тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмысына кірісуіне рұқсат», - дейді ол. Еске салайық, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар