Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтау теңіз портында 866 мың қорап контрабандалық темекі анықталды

baq.kz

 Ақтау теңіз портында 866 мың қорап контрабандалық темекі анықталды

«Морпорт» кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер ұсталды. Инспекциялық тексеру кешені (ИТК) арқылы тексерілгеннен кейін контейнер ашылды. Қызметкерлер құжаттар бойынша мәлімделген «жарықдиодты шамдардың» орнына 866 мың қорап көлемінде жарияланбаған тауар – темекі тапты. Мемлекетке келтірілген залалдың, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың алдын ала сомасы кемінде 300 млн.теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 234 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел іс-шаралар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024