Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медаль түсті

baq.kz

 Бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медаль түсті

"Қазақтан шыққан Ломаченко" қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтып шықты. Финалда отандасымыз тай боксшысы Саравут Суктхетпен жұдырықтасты. Төрешілер шешімі бойынша Махмұд айқын жеңіске жетті. Махмұд Сабырхан 2022 жылы өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Шаршы алаңдағы шапшаңдығы мен ерекше жұдырықтасуына қарай оны кей басылымдар "қазақтан шыққан Ломаченко" деп таныстырған еді. Айта кетейік, осыған дейін Бангкокта Санжар Тәшкенбай мен Нұрсұлтан Алтынбек топ жарған еді. Алда Абзал Серік, Сабыржан Аққалықов және Диас Молжігітов Азия алтынына таласады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024