Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды

almaty-akshamy.kz

Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Екінші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингіде 45-орында тұрған поляк қызы Магда Линетті 7:6 (7:1), 6:2 есебімен тізе бүктірді. Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған матчта А. Соболенко 6 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен шектелді. Осылайша, беларусь теннисшісі өзінің спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Осыған дейін Е. Рыбакина мен А. Соболенко төрт рет кездескен, есеп – 3:1, беларусь спортшысының пайдасында. Бірақ, барлық кездесу де тартысты өтіп, үш сетпен аяқталған. Финалдық бәсеке сенбі, 28 қаңтар күні өтеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының финалына алғаш рет шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, финалға шыққан Елена Рыбакина 1 млн астам доллар табыс тапты. Елена Рыбакина алғаш рет әлемдік рейтингте үздік ондыққа енеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024