Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы дәрігерлері 510 грамм салмақпен шала туған нәрестені аман алып қалды

almaty-akshamy.kz

Алматы дәрігерлері 510 грамм салмақпен шала туған нәрестені аман алып қалды

Бүгін Алматының перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығынан 510 грамм салмақпен өмірге келген нәресте үйіне шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, нәресте өткен жылы 11 қазанда, анасының жүктілігінің 25 аптасында өмірге келген. Алматы дәрігерлері 107 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күрескен. «Үйде қағанақ суы кете бастаған соң бірден жедел жәрдем шақырдым. Олар мені осы орталыққа алып келді. Мұнда маған барлық тексеру жүргізілді, содан кейін толғақ басталды. Өзім босандым, баланы туғаннан кейін бірден реанимацияға алып кетті», - дейді баланың анасы. Орталықтың анестезиологтары бір жарым ай бойы баланың өмірі үшін күреседі. Дәрігер неонатолог-реаниматолог Анель Бейсееваның айтуынша, нәресте 30 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан және қажетті барлық медициналық көмектер жүргізілген соң ғана өкпені инвазивті емес желдетуге ауыстырылған. 38-ші күні бала өз бетінше дем ала бастады. «Бала анасымен бірге «қырық күн» мерекесін осында атап өтті. Біз «қырқынан шығару» рәсімін өткіздік, баланы жуындырдық, тырнағын, шашын алдық, жалпы осы рәсімдегі барлық іс-әрекеттерді жасадық. Әрине, сондай-ақ реанимация ұжымы ана мен балаға өз тілектерін білдірді», - деді Анель Бейсеева. Өмірінің 42-ші күні бала қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Бөлімшенің емдеуші дәрігері Гүлмира Желдібаеваның айтуынша, кішкентай пациенттің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланды. «Барлық қажетті терапиядан соң оның жағдайы тұрақтанды. Бала шала туғандықтан, ретинопатиясы бар екені белгілі болды. Офтальмолог көру қабілетін түзету операциясын жасады, ол сәтті өтті. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты, бала өз бетінше емеді, салмақ қосып жатыр. Қазіргі салмағы - 2710 грамм. Бүгін ол үйіне шығарылады. Әрине, болашақта балаға амбулаторлы түрде мамандар қарап тұрады», - деді ол. Өз кезегінде сәбидің анасы бүкіл медицина қызметкерлеріне алғысын айтты. «Мен осы орталықтың дәрігерлеріне ұлымның өмірін сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғыс айтамын. Олар болмаса, не болатынын да білмеймін. Әрине, мені барлық жағынан, әсіресе, моральдық жағынан қолдаған медбикелер мен санитарларға да үлкен рахмет», - деді баланың анасы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024