Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша не істеліп жатыр

baq.kz

 Абай облысының экологиялық жағдайын жақсарту бойынша не істеліп жатыр

Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жалпы ауданы 847,7 мың гектар екендігін атап өту қажет.Мемлекет басшысы бес жыл ішінде Қазақстанның орман қорында 2 млрд.ағаш және елді мекендерде 15 млн. көшет отырғызу міндетін қойған еді.Басқарма басшысының айтуынша, былтыр Абай облысына қарасты елді мекендерде 72 511 ағаш отырғызу жоспарына сәйкес 73 869 түп ағаш отырғызылды. 2023 жылы ағаш отырғызу жұмыстары жалғасады.▫️Абай облысында халықты балық өнімдерімен қамтамасыз етуді арттыру және балық шаруашылығын дамытуға жағдай жасау мақсатында екі табиғат пайдаланушы өзен-көлдерге 1,5 мың сазан (тұқы) дернәсілі мен 60 мың дана тұқы балығын жіберді. 2023 жылы Шүлбі су қоймасына 200 мың шабақ жіберу жоспарланған.Аймақта 17 аңшылық шаруашылығы бар, олардың 6 Шығыс Қазақстан аңшылар және балықшылар қоғамына (ШҚО-да орналасқан) тіркелген, ал 11-і резервте.2022 жылдың қазан айынан бастап Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 75 мемлекеттік қызмет көрсетті. Сондай-ақ 35 қоғамдық тыңдау өткізілді.Басқарма әуе бассейнін қатаң бақылайды. Жылумен жабдықтау мәселесін шешу және оның атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттар көлеміні азайту мақсатында жаңа ЖЭО-3 салу жоспарлануда.Сонымен қатар, 2023 жылы Семей қаласы бойынша рұқсат етілген шығарындылар көлемін анықтау, коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттар, жол карталарын дайындау мен жүзеге асыру сияқты бірқатар шаралар жоспарлануда.Қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешу мақсатында Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына Семей қаласында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жобасы енгізілген.Қоршаған ортаны қорғаудың 2024-2025 жылдарға арналған жоспары аясында Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Абай, Бесқарағай және Үржар аудандарында 28 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу және жаңғырту жоспарлануда.Сондай-ақ, Бесқарағай және Бородулиха аудандарындағы барлық рұқсат етілмеген үйінділер мен Семей қаласында 66 учаске жойылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024