Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені іске қосылады

almaty-akshamy.kz

Елімізде ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені іске қосылады

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төрағасы Айдын Айымбетов ұйымның соңғы жылдардағы жетістіктерін айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Ұлттық компания ғарыш саласында 17 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді және Жерді қашықтан зондтаудың және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып саналады. Жерді қашықтан зондтаудың ғарыштық жүйесі құрылды және сәтті пайдаланылып жатыр. Ұлттық ғарыш орталығы базасында жердегі ғарыштық инфрақұрылым құрылды, оның аумағындағы басқару орталықтарынан үш ғарыш аппаратын (KazEOSat1; KazEOSat2; KazSTSat) басқарады және түсірілімдерді жоспарлау және клиенттердің тапсырыстары өңделеді», - деді Айдын Айымбетов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында. Оның айтуынша, ұйым Қазақстан Республикасының аумағын қашықтан зондтау арқылы тәулік бойы мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін геопорталдар құрылған және пайдалануға берілген. Сондай-ақ, жақын арада ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Айта кетейік, елордада Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, онда министрлік жетекшілік ететін бағыттардағы жұмыстың қорытындылары мен басымдықтары талқыланды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024