Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Парламент сайлауы ҚСЗИ сараптама алаңында талқыланды

baq.kz

 Парламент сайлауы ҚСЗИ сараптама алаңында талқыланды

«Парламент сайлауы-2023: саяси жүйені қайта форматтау» тақырыбы аясында 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы талқыланды. Ағымдағы сайлау науқанының айрықша ерекшелігі – аралас сайлау жүйесінің енгізілуі: депутаттар партиялық тізім бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да сайланатын болады. Сайлау қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес еліміздің негізгі саяси институттары жаңартылады. Жиын барысында отандық жетекші сарапшылар алдағы сайлауға қатысты ойларымен бөлісті. ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымовтың айтуынша, Президенттің бұл сайлау қоғамда саяси қатысудың тұрақты құндылықтарын нығайтуға көмектесетінін атап өтуі кездейсоқ емес. Мұның барлығы халықтың сайлау мәдениетін сапалы өзгертеді. Президент айтқандай, әртүрлі болғанымызбен бәрімізді ортақ құндылықтар біріктіреді, – деді Еркін Тұқымов. ҚСЗИ директоры сонымен қатар бүкіл саяси жүйені қайта жүктеу іс жүзінде жаңа ережелер бойынша депутаттарды сайлаумен аяқталатынын айтты. Атап айтқанда, аралас сайлау жүйесі аясында өтеді. Мәжіліске өту межесін 7%-дан 5%-ға төмендетуге байланысты саяси партиялардың парламенттік мәртебе алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Сондай-ақ Мәжілістегі депутаттық орындардың саны 107-ден 98-ге дейін қысқарады. Парламент шынымен де қабырғасында бүкіл қоғам үшін маңызды мәселелер талқыланатын биліктің өкілетті органына айналады деген сенім бар. Сайлау қорытындысы бойынша мүлдем басқа, белсенді әрі бастамашыл Парламентті көреміз деп сенемін. «Жаға жыртысу мен талас-тартыс көшеде болғанша, Парламентте болғаны жақсы» деп Черчилль бекер айтпаса керек. Мұндай Парламент биліктің негізгі тармағы ретіндегі өз рөлі мен маңыздылығын арттыруға жағдай жасайды, – деді спикер. Экономикадан бастап саясатқа дейінгі барлық салалар – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімге байланысты екенін айтты Парламентаризм институтының директоры. Экономикадан бастап саясатқа дейінгі барлық салалар – қоғамдағы тұрақтылық пен келісімге байланысты. Ал олар сайлауда халықтың сындарлы еркін таңдауын білдіруінің арқасында жүзеге асады. Алдағы сайлау Қазақстандағы парламентаризмнің дамуына ықпал етуі мүмкін. Халық пен мемлекет мүддесін біріктіретін осындай жүйені тек парламентаризм ғана құра алады, - деді Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов. Этносаяси зерттеулер институтының директоры парламент депутаттығына сыни пікір білдірген кандидаттардың өтуі Мәжіліс жұмысын жақсартуға ғана ықпал етеді дегенді айтты. Басты назарда болу және бәсекелестік сайлаушылардың белсенділігіне ықпал етеді. Әртүрлі күштер, идеялар мен пікірлер көрсетіледі. Популизм әрине болады, бірақ одан қорықпау керек. Бұл саяси күрестің белгілі бір жолы. Екінші жағынан, Парламент депутаттығына сыни пікір білдірген кандидаттардың өтуі Мәжіліс жұмысын жақсартуға ғана ықпал етеді. Сонымен қатар депутаттық мандат белгілі бір жауапкершілікті жүктейді. Бірмандатты депутаттар Парламенттің төменгі палатасын жандандырып, олардың артынан партиялар өзгереді. Бүгінгі таңда ұстанымды жедел дамыту, баспасөзбен тиімді жұмыс жасау, алтын сағат қағидасын сақтау аса қажет. Парламент қабырғасындағы бәсеке оны нағыз саясаттың орнына айналдырады, - Этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев. Тәуелсіздіктің алғаш жылдарынан бері біз әртүрлі сайлау жүйелерін жүзеге асыра алдық. Таза мажоритарлық жүйенің өзіндік кемшіліктері болды. Бұл көбінесе орталықтанған аппараттың жоқтығымен байланысты еді. Осы тұрғыдан қарағанда, аралас жүйе аталмыш кемшіліктерді жоққа шығара алатын сайлауды ұйымдастырудың тиімді жолы. Президенттің бүгінгі Сенатта «пікір әртүрлі, мүдде ортақ болуы тиіс» деген сөзін толықтай қолдаймын, - деді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төраға орынбасары Анас Баққожаев. Алдағы сайлаудағы маңызды басымдықты атап өтуге болады. Саяси бәсекелестік қайтып оралуда. Бұл аралас сайлау жүйесінің енгізілуі мен бір мандатты үміткерлердің қатысуына байланысты. Сондықтан, бізді, әсіресе, жергілікті жерлерде өткір бәсекелес сайлау күтіп тұр, - деді «Байтақ» партиясының хатшысы Шыңғыс Лепсібаев. Нұрбек Мәтжани парламенттік сайлау арқылы халықтың саяси өмірге белсенді араласуға мүмкіндігі пайда болады дейді. Сайлаудан күтетінім – сайлау мен дауыстарды санауға деген сенімнің қалпына келуі. Парламенттік сайлау арқылы халықтың саяси өмірге белсенді араласуға мүмкіндігі пайда болады. Сайлау сондай-ақ саяси мәдениеттің қалыптасуына және партияаралық бәсекелестіктің артуына ықпал етеді. Бес жылдан кейін келесі Парламент сайлауында депутаттардың қайсысы сөзбен, бос айқаймен шектеліп, кімнің нақты нәтижеге қол жеткізгені белгілі болмақ. Парламенттік сайлаудың ел өміріндегі рөлі ерекше, оған барлығы қатысуы керек. Саяси үдерістердің сәттілігі осыған байланысты болады, - деді «Қазақстан қоғамдық даму институтының» басқарма төрағасы Нұрбек Мәтжани. Ассоль Мирманова өңірлердегі өмірдің қалай өзгеретініне тоқталды. Өңірлердегі өмірдің қалай өзгеретінін айтатын болсақ, сайлаушылардың мүддесі белсендірек және көбірек қорғалатыны анық. Сондықтан мажоритарлар ғана емес, партиялар да өз бағдарламасында өңірлердің тәуекелдері мен проблемаларын қарастырады деп сенемін, - деді саясаттанушы, Еуропалық және Халықаралық саяси консультанттар қауымдастығының мүшесі Ассоль Мирманова. жиын барасында Президенттік жастар кадрлар резервінің мүшесі трендтерге тоқталып өтті. Мен бірнеше трендтерді атап өткім келеді. Біріншіден, партияларды тіркеудің жаңа тәртібі партиялық өрісті белсендірді. Біз қазірдің өзінде тартысты күрестің куәгері болып отырмыз. Екіншіден, жауапкершіліктің күшеюі, саяси жүйенің халықтың мүддесін өз мүддесінде көрсете алуы. Үшіншіден, күреске бірмандатты депутаттардың қосылуы болашақ Парламенттер мен мәслихаттардың өз сайлаушыларымен жақындасуын айтады, - Президенттік жастар кадрлар резервінің мүшесі, саясаттанушы Мұхтар Күлжан. ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы жергілікті саясаткерлердің адами капиталға көңіл бөлуі өте маңызды екеніне тоқталып өтті. Алдағы сайлау жергілікті мемлекеттік саясаттың жаңа форматын белгілеу тұрғысынан маңызды. Мәжілісте бір мандатты округтерден небәрі 29 депутат, яғни төменгі палата депутаттарының жалпы санының 30 пайызы сайланады. Жергілікті деңгейде мәслихаттарда республика бойынша 3749 депутат болады. Оның ішінде облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттарына саяси партиялардан тек 334 депутат сайланады. Қалған 3415 депутат барлық деңгейдегі – облыс, қала, аудан бойынша бір мандатты округтер бойынша сайланады. Әрине, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының мәртебесі әртүрлі, бірақ бұл олардың жауапкершілігін төмендетпейді. Егер бүгінде саяси партиялар жергілікті жерлерде саяси тәжірибе мен мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарса, жақын болашақта бұл функцияны мажоритарлық депутаттар бөлісуі мүмкін. Сондықтан жергілікті саясаткерлердің адами капиталына көңіл бөлуі өте маңызды. Бұл алдағы сайлаудың жаңа форматы мен реформалық жаңалығының бір бөлігі, - деді Президент жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Ермек Тоқтаров.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024