Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Зеленский Путин жөнінде: Украинаға басып кіргеннен кейін оны ешкім деп санамайтын болдым

azattyq.org

Зеленский Путин жөнінде: Украинаға басып кіргеннен кейін оны ешкім деп санамайтын болдым

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президентімен кездесуді көздемейтінін, Украинаға басып кіргеннен кейін Владимир Путинді ешкім деп санамайтынын айтты. Sky News арнасына берген сұхбатында Зеленский осылай деп мәлімдеген."Ресей президентімен кездесу Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектесе ме" деген сұраққа Зеленский:"Бұл мені қызықтырмайды. Кездесу, сөйлесуден мән жоқ. Себебі біз Ресей басқыншылығы алдында "норман форматы" аясында кездескенбіз. Мен сөзі мен ісі бөлек адамды көрдім" деді Зеленский.Ресей мен Украина арасындағы келіссөз мәселесіне тоқталған Украина президенті Ресейдің келіссөз жүргізуге құлықсыз екеніне сенімді екенін жеткізді. Оның сөзінше, ондай ниет басқыншылыққа дейін де байқалған."Путин солай деп шешті. Ол келіссөзге барғысы келмейді, себебі бейбітшілікті қаламайды" деді.Ол әлі күнге дейін өзіне Ресейде кім шешім қабылдайтыны жұмбақ күйі қалғанын айтты."Мен үшін ол [Путин] кім? Басқыншылықтан кейін оны ешкім деп санамайтын болдым" деді Зеленский.Sky News тілшісімен сұхбатта украин басшысы Ресей территориясында соғысқысы келмейтінін анық жеткізді."Бар тілегім – олар [Ресей] соғысты тоқтатып, елімізден тезірек кетсе деймін. Олар біздің жерден кетсе, соғыс тоқтайды деп анық айта аламын" деді ол.Украина шығысындағы жағдайға тоқталған Зеленский ол жақта Ресей күштері алға қарай жылжып барады, бірақ орасан шығынға батып жатыр деді."Бұл енді көп шығын. Оларға бәрібір. Олар өз адамдарының санын есептемейді" деді ол.Зеленскийдің сөзіне қарағанда, Ресей жағы мыңдаған әскерінен айырылған. Украина президенті украин армиясының шығыны жөнінде айтпады. Нақты дерегі жоғын жеткізді.Зеленскийдің сұхбатына Кремль өкілдері де реакция білдірді. Ондағылар "Зеленскийдің өзі баяғыда-ақ президент Путиннің ықтимал қарсыласы болудан қалды" деген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024