Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәскеу Латвия елшісінен екі апта ішінде Ресейден кетуді талап етті

azattyq.org

Мәскеу Латвия елшісінен екі апта ішінде Ресейден кетуді талап етті

Ресей сыртқы істер министрлігі Латвия елшісі екі апта ішінде Мәскеуден кетуі тиіс деп мәлімдеді. Бұл жөнінде 27 қаңтарда Ресей СІМ-іне шақырылған Латвия істері бойынша уақытша сенімді уәкіл Дация Рутка мәлімдеді.Латвия сыртқы істер министрлігі Эдгарс Ринкевич 23 қаңтарда Рига Эстонияға ынтымақтастық білдіріп, Мәскеумен дипломатиялық қатынасты төмендетеді деп мәлімдеген. Ресейдің Латвиядағы елшісі Михаил Ванин 24 ақпанға дейін Латвиядан кетуі тиіс.Ресей жағының 27 қаңтар күнгі мәлімдемесінде Мәскеу Латвияның Балтық елдеріне ынтымақтастық білдіретіні жайлы аргументтерін қабылдамайтынын және Риганың мерзімді белгілеуін күтпей-ақ елшісін қайтаратынын жазған.Латвия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынас деңгейі уақытша уәкілдерге дейін төмендетіледі.Эстониямен де дипломатиялық қатынас деңгейін азайтқан Ресей СІМ мұны 24 қаңтарда хабарлаған: Эстония елшісі Ресейден 7 ақпанға дейін кетуге тиіс. Дәл сол мерзімге дейін Ресей елшісі де Эстониядан кетуге тиіс.Былтыр Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресей мен Литва арасындағы дипломатиялық қатынас та нашарлап, сондай деңгейге түсірілген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024