Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді

baq.kz

 Павлодарға жаңа қоғамдық көліктер жеткізілді

Бұл – ZHONG Tong маркалы 12 метрлік үш есікті автобустар. Жалпы сыйымдылығы 85 адамға шақталған, 24 орындық, 8 бейнекамерамен, климатты бақылаумен жабдықталған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайлы екендігін атап өткім келеді. Қоғамдық көліктерге валидаторлар орнату қажет, – дейді облыс әкімі. Жаңа көліктерді 5 ақпанға қарай желіге шығару жоспарлануда. Қоғамдық көліктерді көп шағым түскен №111 маршрут бойынша жіберу жоспарланып отыр. Нәтижесінде қозғалыс аралығы 15 минутты құрайды. Тасымалдаушыға наурыз айының соңына дейін облысқа сыйымдылығы жоғары тағы 40 автобус қою міндеті қойылған. Оның 20-сы Павлодар және 20-сы Екібастұз қаласына арналған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024