Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қалмақияның жоғары ламасы "шетел агенті" деп танылған соң қызметінен кетті

azattyq.org

Қалмақияның жоғары ламасы шетел агенті деп танылған соң қызметінен кетті

Қалмақияның жоғары ламасы, тибеттік Далай-ламаның Ресей, Моңғолия және ТМД елдеріндегі ресми өкілі Тэло Тулку Ринпоче (Эрдни-Басан Омбадыков) "шетел агенті" ретінде танылған соң қызметінен кетті. Бұл жөнінде республиканың орталық храмы ресми сайтында хабарлады.Ресей әділет министрлігі Омбадыковты "шетел агенті" тізіміне 27 қаңтарда енгізген. Ведомство қалмақ буддистері жетекшісі Ресейдің Украинаға басқыншылығына қарсы шыққанын алға тартып, оның АҚШ азаматтығы барын да еске салған.Тэло Тулку Ринпоче – Ресейде соғысты жұрт көзінше сынаған алғашқы діни тұлға. Былтыр күзде ол Украинадағы соғысты айыптап, украин жағының әрекетін қолдаған. Ол соғысты "үлкен қасірет" деп атап, оның керегі жоғын айтқан."Кейінгі екі күнде көп адам мені "шетел агенттері" тізіміне енгізгеніне алаңдап, жанашырлық танытып жатыр. Менің жұмысымды жоғары бағалағаны үшін оларға алғыс айтамын. Қалмақия халқы мен буддизм ізбасарларына осындай қиын шақта ержүректік танытып, жанашырлық, махаббат пен ізгілік идеалдарына айнымастықты тілеймін. Будда ілімі де соған негізделген" деді өзінің қызметтен кетуі туралы жазған жоғары лама.2022 жылы күзде Idel.Реалии Омбадыков Моңғолияға саяси себеппен қоныс аударды деп жазды. АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын қалмақ эмигранттарының отбасында дүниеге келгендіктен оның АҚШ азаматтығы да бар. Ол Ресейде қалып, өмірін қауіпке тіккісі келмегенін айтқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024