Шымбұлақ тау-шаңғы курортында өрттен зардап шеккен инфрақұрылым қайта қалпына келтіріледі – Шымбұлақ ТШК ұжымы

«Бей-жай қалмай, қолдау мақсатында ақ тілек білдірген жандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамыз! Біз үшін бұл өте құнды. Ең бастысы – адамдар зардап шекпеді. Инфрақұрылымды біз міндетті түрде қалпына келтіреміз», - деп хабарлады Шымбұлақ ТШК ұжымы. Сондай-ақ олар «Комби-2» аспалы жолы енді қашан іске қосылатыны белгісіз екенін хабарлады. Себебі, ең алдымен өрттің аспалы жолдың маңызды техникалық құрамдас бөліктеріне әсер етпегенін анықтап алу керек екен. Еске салайық, бүгін таңғы сағат 5:30-дар шамасында Шымбұлақ тау-шаңғы курортында «Облака» атты үш қабатты рестобар өртке оранған. Сол себепті «Комби-2» аспалы жолының жұмысы тоқтатылған болатын. Кейін өрт сағат 08:05-те оқшауланып, сағат 08:30-да сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрт аумағы 800 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталып жатқанын хабарлағанбыз.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар