Ұлыбритания ресейлік миллиардер Абрамовичтің ақшасын Украинаға береді

Ұлыбритания үкіметі ресейлік миллиардер Роман Абрамовичтің "Челси" футбол клубын сатудан түскен 2,3 млрд қаражатты Украинадағы соғыс құрбандарына арналған қорға аудармақшы. Бұл жөнінде үкіметтегі дереккөзге сүйенген The Telegraph басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, билік Еуроодақтың мақұлдауын күтіп отыр, себебі Абрамович ЕО санкциясына ілінген. Түпкілікті шешім қабылдауға бірнеше апта кетуі мүмкін.Ақпарат құралдарының жазуынша, қор құру идеясын Абрамовичтің өзі айтқан. Былтыр наурызда миллиардер Украинадағы соғысқа байланысты санкцияға ілінген."Челси" клубын сатуға қатысты келісім былтыр жыл басында жасалып, мамыр айында аяқталды. Клуб америкалық инвестор Тод Болидің жетекшілігімен 4,25 млрд фунтқа сатылды. Қаражат арнайы есепшотқа салынып, бұғатталды.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 03
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 шілде 2025
4 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар