Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Ақ жол" партиясы мәжіліс пен мәслихат сайлауына түседі

azattyq.org

Ақ жол партиясы мәжіліс пен мәслихат сайлауына түседі

"Ақ жол" партиясы кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауына түседі. 1 ақпанда Астана өткен партияның XXI съезінде осындай шешім қабылданды.Мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсу туралы ұсынысты партия жетекшісі Азат Перуашев талқыға шығарды. Оны съезге қатысушылардың бәрі қолдады."Ақ жол" партиясы 2002 жылы ресми түрде тіркелген. ОСК мәліметінше, партияның 200 мыңға жуық мүшесі бар. 2021 жылғы мәжіліс сайлауы кезінде партия парламенттен 12 орын алған.Партия өздерін парламенттегі "оппозиция" деп көрсетуге бейім болғанымен, "Аманат" (бұрынғы "Нұр Отан") өкілдерін өткір сынаудан қашқақтайды, кейде мақтап та жатады. Саяси сарапшылар оны "парламентте жалған оппозиция рөлінде ойнайтын билікшіл" партия деп атайды.Елде парламенттегі негізгі орынды "Аманат" партиясы иеленіп келеді.ОСК өкілдерінің айтуынша, мәжілістің 69 депутаты партиялық тізіммен, 29-ы бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланады. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен ел астанасы мәслихаттарының 50 пайызы мажоритар жүйемен, 50 пайызы партиялық тізіммен сайланады.Қазақстанның және шетелдің құқық қорғаушылары елде азаматтардың саяси құқықтары көп шектелетінін, партиялық жүйе демократия ережелеріне сай емесін айтып, жиі сынайды. Саяси оппозиция өкілдері парламентте билікке шынайы қарсылас бірде-бір саяси күш жоқ деп есептейді және шынайы оппозициялық партиялар ресми тіркеуден өте алмай отырғанын айтады.Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) пен мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді.20 қаңтарда басталған кандидаттарды ұсыну кезеңі 8 ақпанда аяқталады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024