Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды – ҚазАвтоЖол

baq.kz

 Су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды – ҚазАвтоЖол

Қабылданған іс-шаралар кешені республикалық маңызы бар автожолдарда қауіпсіз қозғалысты, сондай-ақ жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жергілікті гидрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені әзірленді. Мердігер ұйымдар мен жол қызметтеріне су басу қаупін алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің нәтижелеріне сәйкес су басу қаупі жоғары республикалық автожолдардың учаскелері анықталды. Арнайы алдын алу шараларына: су өткізу құбырлары мен көпір асты аймақтарының арналарын қар мен мұздан тазарту; су тасқыны қаупі бар учаскелерді күнделікті тексеру; инертті материалдарды дайындау және т.б. жатады. 350-ден астам қауіпті учаске ерекше бақылауда. Республикалық маңызы бар автожолдар ашық, су басып, шайылып кеткен учаскелер жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024