Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада 6 ақпанда Respublica партиясының кезектен тыс І съезі өтеді

baq.kz

 Астанада 6 ақпанда Respublica партиясының кезектен тыс І съезі өтеді

Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен партия мүшелері қатысады. Шарада Respublica партиясының жаңартылған жарғысы таныстырылып бекітіледі. Сонымен қатар, партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша ұсынылған Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға дауыс беру өтеді. Қазір Орталық аппарат партияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп, Respublica тарихындағы маңызды партияішілік іс-шаралардың бірі – кезектен тыс бірінші Съезге ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізуде. Барлық партия мүшелері съезді тағатсыздана күтіп отыр, өйткені бұл шара біз үшін тұғырнама болады, жиын барысында біз өзіміздің негізгі идеяларымыз бен ұсыныстарымызды жеткізетін боламыз, - деп атап өтті Айдарбек Ходжаназаров. Съезд бейресми түрде, «галстуксыз» форматта өтеді. Шараға белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысады. Respublica партиясының төрағасы, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, «Олжа Агро» серіктестігінің басшысы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалар мен кәсіпкерлер – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев қатысып, сөз сөйлейді. Respublica – мемлекет қызметінің түрлі салаларын қалпына келтіруге ұмтылатын белсенді азаматтарды біріктіретін жаңа партия. Оған қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері тартылған. Партияның басты мақсаты – әрбір қазақстандық саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерге өзінің атсалысып жатқанын сезінуі үшін ел саясатына ықпал ету тетіктерін жасау. Партияның құрылғаны туралы 2022 жылдың тамызында жарияланды. 2023 жылдың 18 қаңтарында Respublica партиясы тіркеу құжаттарын қабылдады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024