Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл Абай өңірі авторларының кітаптар топтамасы жарыққа шығады деп жоспарлануда

baq.kz

 Биыл Абай өңірі авторларының кітаптар топтамасы жарыққа шығады деп жоспарлануда

Жоба Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен жүзеге асырылады. Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, классикалық шығармалардың ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» мен Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңдер жинағы бар. Қазір Абай өңірінің ақын-жазушыларының шығармаларын бір сериямен шығару жобасын қарастырып жатырмыз. Бесжылдық жоба аясында «Абай жолы» роман-эпопеясын, Шәкәрімнің орыс тіліндегі өлеңдер жинағын, сонымен қатар замандас ақын-жазушылардың шығармаларын шығару да жоспарлануда, – деді Айдар Ибраев. Биыл 15 жерлесіміздің туындысын бір сериямен басып шығаруды жоспарлап отырмыз. Серияның қалай аталатыны әлі белгісіз, оны талқылаймыз. Әзірге редакция алқасы мен жұмыс тобы құрылды. Дәл осындай кітаптар сериясы осыған дейін ШҚО-да шыққан. Бұрынғы жинақтарға енбей қалған авторларды осы серияға қосуға тырысамыз, - деді Айдар Ибраев. Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасымен эстрадалық-симфониялық оркестр құрылуда. Музыкалық аспаптар сатып алуға және сахналық киім тігуге, ұжымды ұстауға республикалық бюджеттен қаржы қарастырылған, - деп атап өтті Айдар Ибраев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024