Астана тұрғыны өзгенің телефонын ломбардқа өткізіп жіберген

Қала тұрғыны полицияға жүгініп, ер адам оның сеніміне кіріп, Samsung телефонын алаяқтық жолмен иемденгені туралы арызданған. Абылай хан даңғылындағы сауда үйінде белгісіз ер адам сатушыға барып, қоңырау шалып алу сылтауымен телефон сұраған. Нөмірді теріп жатқандай кейіп танытып, ер адам жайлап алыстап, содан кейін қадамын тездетіп қашып кеткен. Осылайша жәбірленушіге 80 мың теңге сомасына материалдық шығын келтірген. Ол ұялы телефонды ломбардқа өткізіп үлгерген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, бұрын ұрлық жасағаны үшіністі болған, 23 жастағы жас жігітті ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
27 наурыз 2023
27 наурыз 2023
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар