Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Канада парламентінің төменгі палатасы Шыңжаңнан қашқан 10 мың ұйғырды қабылдауды қолдады

azattyq.org

Канада парламентінің төменгі палатасы Шыңжаңнан қашқан 10 мың ұйғырды қабылдауды қолдады

Канада парламентінің қауымдар палатасы сәрсенбіде Қытайдың Шыңжаң өңірінен қашып шыққан 10 мың ұйғыр босқынын екі жыл ішінде қабылдау жөнінде қарар қабылдады.Қауымдар палатасының 322 мүшесі құжатты қолдап дауыс берді, ешкім қарсы шықпады. Қарардың заңдық күші жоқ, бірақ ұсыныс сипаты бар.Осы құжатты қауымдар палатасының мүшесі Самир Зубери дайындады. Қарарда Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да жергілікті түркітілдес қауым өкілдері Қытай билігінің қысымына ұшырағаны, Канада үкіметі еліне оралған босқындарға қауіп төніп тұрғанын мойындауы керектігі айтылған.Reuters басылымының мәліметінше, премьер-министр Джастин Трюдо үкіметі қарар талаптарын орындауға міндетті емес, алайда парламенттің құжатты бірауыздан қабылдауын ескеруі керек."Канада көмекке зәрулерге көмектесуден ешқашан бас тартпайды. Мен қауымдар палатасы қабылдаған қарар ережелерін жүзеге асыру үшін партиялардың барлық мүшесімен жұмыс істеуге дайынмын" деп мәлімдеді Канада көші-қон министрі Шон Фрейзер.Адам құқықтарын қорғау ұйымдары Пекинді 2017 жылдан бастап миллиондаған мұсылман ұйғырды, қазақты және басқа да түркі ұлты өкілін түрмелер мен "қайта тәрбиелеу лагерьлеріне" қамады деп айыптап келеді. 2021 жылғы ақпанда Канаданың қауымдар палатасы Пекиннің Шыңжаңдағы түркі халықтарына қатысты саясатын геноцид деп таныды. Содан бір ай бұрын сол кездегі АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шыңжаңда болып жатқан оқиғаларды геноцид деп атаған.Қытай билігі тағылған айыптарды жоққа шығарып, Шыңжаңдағы саясатын терроризммен және экстремизммен күрес шаралары деп атаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 желтоқсан 2024