3 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 3 ақпанда ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман болады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ сақталады, тұман түседі. Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының батысында тұман болады.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар