Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей, Беларусь премьер-министрлері қатысты. Шағын құрамдағы отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр. «Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», – деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар