Алматыдағы «Оңтүстік» саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылды

Алматыда «Оңтүстік» саябағының жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін қайтарып алу рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еске салсақ, 2007 жылы Бостандық ауданындағы Си Синхай көшесінің оңтүстігінде, Жароков көшесінің шығысында (кад. № 20-313-011-518) жер телімі көп қабатты тұрғын үй салу және пайдалану үшін «Turkuaz Invest» ЖШС жеке меншігіне берілген болатын (Алматы қаласы әкімдігінің 08.11.2007 ж. №9/1097-39 қаулысы). Кейін учаске «Jusan Property» ЖШС-не берілді. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесулерінің бірінде қала тұрғындарымен аталған жер учаскесін мемлекеттік меншікке алу және саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы бастама көтерілген болатын. 2022 жылғы 5 қазанда Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне қайтару жөніндегі талабы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде айқындалды (сарапшылардың 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 5386 қорытындысына сәйкес). 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2023 жылғы 13 қаңтарда өтемақы сомасы «Jusan Property» ЖШС-не аударылды. Қазіргі кезде Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы «Оңтүстік» саябағын абаттандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті құжаттарды дайындауда.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар