Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр

azattyq.org

Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр

5 ақпанда Германияның бас прокуроры Ресей қарулы күштерінің Украинадағы қылмыстарын дәлелдейтін жүздеген айғақ жиналғанын мәлімдеді.Бас прокурор Петер Франк Welt am Sonntag газетіне берген сұхбатында: "Бучадағы қырғын мен Украинаның азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылды зерттеп жатырмыз" деді. Оның сөзінше, Украина босқындары көптеген мәлімет берген.France-Press жазуына қарағанда, Петер Франк офисі белгілі бір ауыр қылмыстарды қай жерде жасалғанына қарамастан тексеруге мүмкіндік беретін әмбебап заң аясының принциптерін қазірдің өзінде пайдаланып отыр. Бұл принцип бұған дейін Сириядағы азамат соғысы кезінде айрықша қатыгездік көрсетілген жағдайларға байланысты қолданылған.Осы принцип негізінде Мьянмадан шыққан бір топ адам Германия сотына шағымданып, Мьянма әскери қызметкерлерінің адамзатқа қарсы қылмыстары жөнінде талап арыз түсірген.Петер Франк Германия бас прокуратурасы Украинадағы Ресей әскерінің қылмысы бойынша тексерісті былтыр наурыз айында бастағанын атап өткен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024