Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Кептеліспен жолға 2-3 сағат кетеді»

almaty-akshamy.kz

«Кептеліспен жолға 2-3 сағат кетеді»

AMANAT белсенділері партияның сайлауалды бағдарламасы үшін мегаполис тұрғындарынан ұсыныс-тілектерді жинау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Сонымен, журналист, партия мүшесі Мақсат Толықбай мен Алматы "аманаттықтары" қаланың төменгі бөлігінде орналасқан «Түрксіб жәрмеңкесі» базарына барып, шағын бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады. Белгілі болғандай, бұл жерде нарықтағы өнімдердің құны айтарлықтай төмен. «Бізде бағалар қолжетімді. Біз тауардың үстіне ең көбі 100 теңге қосамыз. Бұл қымбатшылыққа саналмайды, біздің де нан табуымыз қажет қой. Барлығымыз "Алтын Ордадан" азық-түлік сатып аламыз, міне, сол жерде бағаны көтеру бойынша тексеріс жүргізу керек еді. Бензиннің бағасы жоғары және кептеліс, мұның бәрі бағаның өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, қазір пәтерлердің құны біз үшін қымбат, егер бастапқы жарнаға қандай да бір жеңілдіктер болғанда, көбісі үйлі болар еді», - дейді «Түрксіб жәрмеңкесі» базарының саудагерлері. Қала тұрғындары мегаполистің инфрақұрылымын дамытудың, атап айтқанда, метро желісін қала шекарасынан тыс, облыстың жақын орналасқан қалаларына дейін ұзартудың, ауаны жақсартудың және жолдарды жөндеудің проблемалық мәселелерін көтерді. «Көптеген сатушылар облыста тұрады, күн сайын кептеліспен жолға 2-3 сағат кетеді. Егер метро бізге, облысқа дейін ұзартылса, қалаға қатынау әлдеқайда жылдам әрі оңай болар еді», - дейді Алматының ең ірі саналатын «Көк базар» сатушылары. Алматылықтар үшін жатақхана мәселесі де әрқашан өзекті. Осылайша, партиялықтар қаладағы жатақханалардың біріне барып, студенттердің мәселелерін біліп қайтты. «Жатақханамыз 1937 жылы салынған. Ғимараттың тозығы жеткен, күрделі жөндеу қажет. Сонымен қатар, студенттерге арналған орындар өте аз, оқу жылы басталмай тұрып осы мәселені шешуді сұраймыз. Кеңсе тауарлары да қазір қымбат, біздің бір стипендиямызға осындай үлкен қалада тұру қиын, тағы ақылы түрде оқып жатқандарды да ескерген жөн. Егер студенттік билетті немесе «Оңай» карточкасын ұсынған кезде кеңсе тауарларына жеңілдік болса, жақсы болар еді»,-деп ұсынды студенттер. Бүгінгі кездесудің қорытындысы бойынша барлық тілектер мен ұсыныстарды алдағы уақытта партиялықтар өздеріне түртіп алды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024