Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дэвис кубогі: Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды

almaty-akshamy.kz

Дэвис кубогі: Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды

Ла-Серена қаласында Дэвис кубогінің іріктеу матчында Қазақстан Чили құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қазақстандықтар жұптық сында жеңіліп қалғаннан кейін кортқа Александр Бублик пен Кристиан Гарин шықты. Осы ойында ұтса ғана Қазақстан құрамасы жолдама үшін таласты жалғастыратын еді. Бірінші партияда К.Гарин 4:1 есебімен алға кетті. А.Бублик есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы жетпеді – 4:6. Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді. Сосын мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3. Үшінші, шешуші сетте чилилік спортшы брейкпен алға кетті – 3:1. Ақыры ол бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:3. Осылайша, Қазақстан құрамасы Чилиге 1:3 есебімен жол беріп, Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шыға алмай қалды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024