Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ІІМ: Елде жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

baq.kz

 ІІМ: Елде жеті күнде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

Еліміздің аумағында жеті күн ішінде 2800-ден астам қылмыс жасалған. Бір апта ішінде 2817 қылмыс жасалды, оның 1696-сы тәулік ішінде ашылды, - деп атап өтті елдегі криминогендік жағдайға тоқталған ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек. Айтуынша, тәртіп сақшылары бірқатар қылмысты ізін суытпай ашқан. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 25 тонау және 417 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді министрлік өкілі. Сонымен қатар ол өткен жылы Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын бекіткенін атап өтті. Оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында биыл Құқық қорғау және сот органдарында парасаттылықты немесе integrity check тексеруді енгізу тетігін әзірлеу көзделген, - деді министрлік өкілі. Еске сала кетейік, бұған дейін күніне екі адам кісі қолынан қаза болатыны туралы жазған болатынбыз. Деректерге сүйенсек, өткен аптада елде бір апта ішінде 2734 қылмыс жасалған. Оның 1673-і «ізін суытпай» тәулік ішінде ашылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024