Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады

baq.kz

 Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау ұйымдастырылады

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, байқауға БАҚ өкілдерінің, оның ішінде журналистердің, сондай-ақ блогерлер мен конкурстың шарттарын орындаған азаматтардың жұмыстары қабылданады. Конкурстың талаптары келесідей: • байқауға геологиялық тақырыпқа арналған және халық арасында осы саланы кеңінен наситтауға байланысты дайындалған авторлық бейнероликтер, мақалалар, телебағдарламалар немесе радиохабарлар қабылданады; • материалдар 2023 жылдың 6 ақпаны мен25 наурызы аралығында әлеуметтік желілерде немесе жеке блогтарда жариялануы керек; • қатысушының сәйкестендіру нөмірін алу үшін материалды немесе сілтемені geocontest@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет (аталған поштаға жіберілмеген материалдар байқауға қатыстырылмайды). Бірінші орын алған жеңімпазға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Екінші орын алған жүлдегерге 70 мың теңге берілсе, үздік үштікті түйіндейтін қатысушы 50 мың теңге шамасындағы қаржылай жүлдені иеленеді. Толығырақ: https://ngs.geology.kz/ru/about-us/news https://www.gov.kz/memleket/entities/geology?lang=kk Қосымша ақпаратты geocontest@mail.ruэлектронды поштасына хабарласып, алуға болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024