Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды

baq.kz

 Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінге, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) 7 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері одан кейін жарты сағат бойы әртүрлі аймақта – Адана, Анкара, Анталия, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Шанлыурфада сезілді. Сонымен қатар Al Arabiya телеарнасы жер сілкінісінің Ирак пен Ливанның кейбір аймағында да сезілгенін атап өтті. Yeni Shafaq газетінің хабарлауынша, Түркияның кем дегенде төрт провинциясында қираған ғимараттар тіркелген. Кахраманмараш, Малатия, Шанлыурфа және Газиантеп провинцияларында үйлер құлаған. Қазірше қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Басылым Шанлыурфа провинциясынан түсірілгене фотосуреттерге сілтеме жасай отырып, дүмпу салдарынан кем дегенде бір ғимараттың толығымен қирағанын хабарлайды. Мемлекеттік TRT телеарнасы Түркияның оңтүстік-шығысындағы бірнеше провинциядан тікелей түсірілімдер көрсетеді. Аталған елдімекендер тұрғындары суыққа қарамастан, жер сілкінісінің қайталануынан қорқып, үйлерін тастап кетіп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024