Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталды

baq.kz

 Елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру басталды

Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап autonesie.kz сайтында қабылданып жатыр. Өтінім беру үшін ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) талап етіледі. Бағдарламаға кредиттік тарихы жақсы, төлемге қабілетті ҚР азаматтары қатыса алады. Қандай жағдайда өтініш кері қайтарылады: - Өтініш беруші бағдарлама арқылы бұрын автонесие алған болса; - Өтініш беруші бір айда екі рет өтінім жіберсе. «Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», - делінген хабарламада. Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды: - бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды; - қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес; - қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды; - бастапқы жарна - 0 пайыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024