Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді

ktk.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы жылу мәселесі бойынша тапсырма берді

Сонымен қатар Президент жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауға тапсырма берді. Еске салайық, Екібастұзда жылумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Екібастұз жылу электр орталығында апат өткен жылдың 27 қарашасында болды. Салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалды. 28 қараша күні таңертең қалада жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Бас прокуратура Екібастұздағы апатты тергеу екі айға дейін созылатынын мәлім етті. Сонымен қатар Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз тұрғындарына жылу желісіндегі апаттың шығындарын мемлекет пен ЖЭО иесі бөліп төлесін деп тапсырма берді. Биылғы 26 қаңтарда «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ға 1,1 млн теңгеге айыппұл салынғаны белгілі болды. 2029 жылға дейін қалада ГРЭС-3 стансасын салу жоспарланған. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен пәтерлерді жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. 30 қаңтардағы мәлімет бойынша, жөндеу 152 пәтерде жасалды. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024