Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сыртқы істер министрлігі: Ресей сотының шешімі Қазақстанда жүрмейді

azattyq.org

Сыртқы істер министрлігі: Ресей сотының шешімі Қазақстанда жүрмейді

Украина жөніндегі материалына байланысты Қазақстанның Arbat.media басылымын Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық соты шақырғанына Қазақстан сыртқы істер министрлігі реакция білдірді. Бұл жөнінде басылымның өзі хабарлады.Arbat.media жазуынша, Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Ресей соты Ресей федерациясының азаматтық-процестік заңнамасының талабы бойынша шақырып отыр" деп санайды."Олардың қандай да бір жаңалықтар ресурсын Ресей аумағында бұғаттау жөніндегі шешімі Ресейдің ішкі заңына негізделеді. Оның шешімінің Қазақстан аумағында күші жоқ", - дейді сыртқы істер министрлігі.Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Ресей арасында "екі тарап өз аумағындағы БАҚ-тың іс-әрекетіне сырттан араласуға мүмкіндік беруді қарастыратын келісім жасалмаған" және Arbat.media басылымы "Қазақстан заңын бұзған жоқ" деп жауап берген.31 қаңтарда Arbat.media порталы Украина туралы материалға байланысты редакция поштасына Ресейдің Владимир қаласының Ленин аудандық сотына шақыру түскенін хабарлаған. Талап арыз беруші ретінде Ресейдің 19-әскери прокуратурасы мен 56680 әскери бөлімі деп көрсеткен. Сот 17 ақпанға белгіленген.Азаттық тілшісіне берген комментарийінде басылымның бас редакторы Сырым Итқұлов редакция Ресей сотының кеңсесіне хабарласып, сотты онлайн-форматта өткізуді сұрағанын айтты. Алайда Ресей соты онлайн сот болмайтынын, тікелей өзі келіп қатысуы қажет екенін міндеттеген. Итқұлов сотқа бармайтынын мәлімдеген.Аrbat.media хабарына қарағанда, сөз "Ресей басқыншылары Харьков облысында жеңіліске ұшырады, бірақ оны мойындағысы келмейді" деген мақалада туралы.Басылым бұл мақалада қыркүйек айында Харкьов түбінен шегінген Ресей әскері туралы Ресей мен Украина БАҚ-тарының реакциясы сөз болды деп есептейді.Украина тақыбырында жазған Қазақстан баспасөзін Ресей соты алғаш шақырып отыр. Бұған дейін Қазақстанның бірнеше басылымы Украина туралы материалын алып тастау жөнінде Роскомнадзордан ескерту алған.Arbat.media порталын Ресей соты шақырғаннан кейін сөз еркіндігін қорғаушы "Әділ сөз" ұйымы Қазақстан үкіметіне ашық хат жазған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024