Бүгін Түркиядан 19 студент елге ұшып келеді

Қазір Түркиядағы дипломаттарымыз осы елдегі Қазақстан азаматтарымен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Студенттер арасында тиісті ақпарат таратылды. Біздің азаматтарға көмектесу және үйлестіру үшін Мерсин және Конья провинцияларындағы Түркиядағы Құрметті консулдар да жұмысқа қосылды. Мерсин қаласындағы консул, Түркия азаматы Ахмет Бодан қонақ үйде Қазақстанның 25 азаматын,оның ішінде 19 студентін панамен қамтамасыз етті, - деді Смадияров. СІМ ресми өкілінің айтқан мәліметінше, консулдың ұйымдастыруымен олар Анкараға жеткізілген. Бүгін олар (студенттер - ред.) «Анкара-Астана» бағытымен Қазақстанға қайтады. Конья қаласындағы консул Мұстафа Кабакчи 12 қазақстандық студентке Аданадан Стамбұлға жетуге жәрдемдесті, - деді Смадияров брифингте.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
13 мамыр 2025
13 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар