Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пәндер бойынша олимпиаданың екінші кезең қорытындысы шықты

baq.kz

 Пәндер бойынша олимпиаданың екінші кезең қорытындысы шықты

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі 2023 жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпан аралығында өтті. 82 мыңнан астам оқушы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 15 пән бойынша сынға түсті. Олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өтіп, YouTube арнасында тікелей трансляция жүргізілді. Академиялық адалдық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданды. Тур нәтижелері мен олимпиадаға қатысушылардың жұмыстары жазылған хаттамалар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облысттық білім басқармаларының, «Дарын» республикалық және өңірлік орталықтарының ресми сайттарында жарияланды. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңіне 15 616 оқушы өтті. Олар ақпан айының 13-18 аралығында бақ сынайтын болады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024