Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда орташа жалақы көлемі белгілі болды

almaty-akshamy.kz

Қазақстанда орташа жалақы көлемі белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылдың төртінші тоқсанында (шағын кәсіпорындарды есептемегенде) 338 715 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. "IV тоқсандағы орташа жалақының өсімі жыл соңындағы сыйлықақылар мен мерекелік төлемдер есебінен жалақы қорының ұлғаюымен байланысты. Орташа жалақыны есептеу кезінде жалақы қоры көлемі жұмысшылар санына қарай бөлінеді. Бұл мәліметтерді біз қызметкерлер саны және жалақы қоры бойынша бюроға есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардан аламыз. Алынған деректерге кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды қамтымайтынын атай кеткен жөн", - деп түсіндірді бюроның еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова. Оның айтуынша, орташа айлық жалақының ең көп өсімі құрылыс саласында (42%), баспананы жалға беру және тамақтану қызметтерінде (32,6%), ақпарат пен байланыс қызметінде (31,9%) тіркелген. 2021 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәнінің төмен болуы өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласында (2,4%-ға) байқалды. Өңірлер арасында орташа жалақының ең көп өсімі Ұлытау облысында тіркелді - 35,2%. Ең аз өсім Алматы облысында байқалды - 6,5%. Бұл ретте төртінші тоқсандағы орташа жалақы көлемі 204 168 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросы І-тоқсанда жалақының орташа мәні 285 433 теңгені, ІІ-тоқсанда - 312 011 теңгені, ІІІ-тоқсанда 299 782 теңгені құрағанын еске салды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024