Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Димаш концертінен түскен ақшаны Түркияда зардап шеккендерге аударады

almaty-akshamy.kz

Димаш концертінен түскен ақшаны Түркияда зардап шеккендерге аударады

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Stranger» әлемнің турнесінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркияда қуатты жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркиядағы, Сириядағы және басқа да елдерде табиғаттың залалынан көптеген адамның қаза тапқанын естідік. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді қазақстандық ол өзінің Instagram парақшасында. Әнші әлем деп аталатын ортақ үйіміздің амандығын тіледі. «Әр отбасыға аманшылық тілеймін. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын. Елімізде, әлемде тыныштық болсын! Барша әлем халқы бақытты болсын!», - дейді Димаш Құдайберген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024